Спорт • 22 Қараша, 2021

Отандасымыз Африка кубогында қола медаль жеңіп алды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері Марокконың Дахла қаласында өткен триатлоннан Африка кубогында қазақстандық Екатерина Шабалина қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандасымыз Африка кубогында қола медаль жеңіп алды

Шабалинаның қорытынды көрсеткіші - 01:01:34. Алтын және күміс жүлдені жапондықтар Минори Икено мен Чисато Накаджима иеленді. 

Жарысқа 15 мемлекеттен 37 триатлет қатысты.