Футбол • 24 Қараша, 2021

Үміткерлер кімдер?

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ФИФА өзінің ресми сайтында 2021 жылдың қорытындысы бойынша The Best сыйлығынан, яғни әлемнің ең үздік футболшысы атағынан үміт­керлердің тізімін жариялады.

Үміткерлер кімдер?

Аталған тізімде Лионель Месси, Неймар, Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Мұхамед Салах («Ливерпуль»), Карим Бензема («Реал Мадрид»), Кевин Де Брейне («Манчестер Сити») және Роберт Левандовски («Бавария») сынды саңлақтар бар. «Үздік қақпашы» аталымы бойынша тартыс Алиссон Беккер («Ливерпуль»), Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»), Эдуар Менди («Челси»), Мануэль Нойер («Бавария») және Каспер Шмейхель («Лестер») арасында өрбиді.

Ал Антонио Конте («Тоттенхэм»), Ханс-Дитер Флик (Германия құрамасы), Пеп Гуардиола («Манчестер Сити»), Роберто Манчини (Италия құрамасы), Лионель Ска­лони (Аргентина құрамасы), Диего Симеоне («Атлетико» Мадрид) және Томас Тухель («Челси») сынды майталман мамандардың бірі жылдың ең білікті бапкері атанады.