Хоккей • 25 Қараша, 2021

«Динамоны» ұтты

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда Минскінің «Динамосымен» өткізді.

«Динамоны» ұтты

Қатарынан төрт рет ұтылып, осының алдында ғана «Северстальды» сан соқтырған жерлестеріміз осы жолы да жеңісті қарсы­ластарының уысынан жұлып әкетті. 6-минутта Линден Вей есеп ашқанымен, 10 және 16-минуттарда Сергей Сапего мен Тайлер Граовац белоруссиялық команданы алға шығарды – 1:2. Үзілістен кейін Кертис Волк пен Роман Старченко ұйымдастырған шабуылды Никита Михайлис сәтті аяқтап, таразы басын теңестірді – 2:2. Бұл есеп ойынның соңына дейін сақталды. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит соғу барысында «Барыстың» бағы жанды – 3:2.

Осылайша, 31 кездесуден кейін 28 ұпай жиған елордалық хоккейшілер тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 18-орынды иеленуде.