Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 17 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 17 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,754.

Осы ретте ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.