Кәсіпқой бокс • 05 Желтоқсан, 2021

Дәрігер: Теофимо аман қалғанына тәубе деуі керек

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Теофимо Лопес соңғы жекпе-жегінен кейін өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігер: Теофимо аман қалғанына тәубе деуі керек

«Ол шаршы алаңда мерт болуы мүмкін еді. Боксшының қалай дем алғанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ондай жағдайда шаршы алаңда бокстасу өте қиын екені айтпаса да түсінікті шығар», дейді дәрігер Линда Даль.

Тіпті Теоның шаршы алаңға шықпай тұрып еркін тыныстауы қиынға соққан көрінеді. Салмақ өлшеу рәсімі жақындағанда оның дерті тіпті асқынған екен.

«Мен бұл бар болғаны демікпе дерттен шығар деп ойладым. Бұрын ауырғаныма қарамастан рингке шығып жүргенмін. Бұл жағдайды құпия ұстадым. Командадағылар білсе мені рингке шығармас еді. Мен елдің «Міне, сылтау тауып жекпе-жек уақытын ұзартып отыр» деген сөзін естігім келмеді. Сондықтан да рингке көтеріліп, жағдайды ушықтырдым», дейді боксшының өзі.