Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021

Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда 15 науқастың омиркон штамын жұқтырғаны анықталды. Жалпы дертке шалдыққандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті

Бұл штамм тасымалдаушылары Жапонияға шетелден келген азаматтар көрінеді. Нақтырақ айтсақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, БАӘ, Лесото, Танзания, Зимбабве және Конгодан 7-12 желтоқсан аралығында елге кірген азаматтардың ауырғаны белгілі болды.

Олардың көпшілігінде ауру белгілері жоқ, бірақ дене қызулары көтерілген. 15 адамның 11-і толық вакцинация курсынан өтті, бір адам вакцина алмаған, тағы үшеуіне қатысты бұл мәселе нақтылану сатысында.