Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021

Азық-түлік себеттерін алды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында Қостанайда «Халық» қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарада мүмкіндігі шектеулі балалары бар 200-ден астам мұқтаж отбасы азық-түлік себеттерін алды. Әрқайсының салмағы 50 кило болатын әлеуметтік қораптың ішінде күріш, қарақұмық, ұн, макарон, сұйық май, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер бар.

Азық-түлік себеттерін алды

Ауқымды шараға «Жанашыр бол» қоғамдық қорының волонтерлері де атсалысты. Ерікті жастар  азық-түлік себеттерін қаланың әр тү­кпірінде тұрып жатқан тұрмысы тө­мен, сондай-ақ көп бала тәрбиелеп отыр­ған отбасылардың үйіне жеткізіп берді.

– Үш күн ішінде 251 отбасына азық-түлік себеттерін тараттық. Мұқ­таж отбасылардың үйіне жылу сый­лайтын мұндай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұру керек. Әсіресе сәбилердің қуанғанын көргенде осынау шарапатты істің сауабы мол екеніне көзіміз жете түседі, – дейді «Жанашыр бол» ҚҚ-ның волонтері Салтанат Ықыласова.

Ұйымдастырушылар азық-түлік себеттерінің бәрін Тәуелсіздік мереке­сіне дейін үлестіріп бермек. Мұндай іс-шаралар Қостанай қаласын ғана емес, облыс аудандарына қарасты алыс-жақын ауылдарды да қамтитын болады.

 

Қостанай облысы