Коронавирус • 29 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 12 қаңтарға дейін қайта ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, өңір бойынша карантин 12 қаңтарға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге арналған стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі - 9,6%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,067.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларында көрсетілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырады.