Тағайындау • 13 Қаңтар, 2022

Алматыдағы ҰҚК департаменті басшысы тағайындалды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы ҰҚК департаменті басшысы тағайындалды

ҰҚК баспасөз қызметі Марат Ирменов тағайындалғанын растады. Бұған дейін 2020 жылдың ақпанынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.