Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022

Атырау облысында карантиндік шаралар күшейтілді

1764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы А.Бекешеваның қаулысымен өңірде карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Жаңа қаулыға сәйкес бірнеше нысанның қызметіне тыйым салынды.

«Ashyq жобасына қатысуына қарамастан концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің қызметіне, діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салынсын», делінген қаулыда.

Мұндай тыйым түнгі клубтар мен қоғамдық тамақтану объектілерінде ән айту мен биге, караоке қызметіне де қолданылады. Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.), естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, ашық ауада, үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынып отыр.