Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022

Журналистерді ұстауға байланысты министрліктің пікірі

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы уәкілетті орган болып табылады және әрқашан БАҚ өкілдерін қолдау жөніндегі ұстанымдарды ұстанады.

Журналистерді ұстауға байланысты министрліктің пікірі

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген Бейбіт жиналыс­тарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады.

Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет. Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексереді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактісі бо­йынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде. Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар журналистерде айырым белгілерінің болмауы болып табылады, бұл оларға қа­тысты кәсіби қызметтерін жү­зеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды.

Бұдан басқа, оқиғалардың көр­сетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қа­зақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйым­дастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фак­тілері бойынша, сондай-ақ тө­тенше жағдай кезінде құқық­тық тәртіпті бұзуға итер­мелейтін әре­кет­тері және тікелей өздерінің кәсі­би қыз­меттерін жүзеге асыр­мағаны үшін ұсталды.

Министрлік төтенше жағ­дай режімінің талаптарына түсі­ніс­тікпен қарауға және қатаң сақ­тауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шара­ларды жария ету кезінде жур­налистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады. Аталған мәселе министрліктің тұрақты бақылауында.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024