Коронавирус • 28 Қаңтар, 2022

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 24 адам қайтыс болды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте  коронавирус пен пневмониядан тағы 24 адам қайтыс болды

26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 148 жағдайы анықталды, 7 адам қайтыс болды.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 994 дерегі тіркелді.  5 260 науқас қайтыс болды.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 17 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 12 558.

2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 204 769 адамнан анықталды. 13 194 адам қайтыс болды.