Аймақтар • 03 Ақпан, 2022

Атырау халқының бір бөлігі жарықсыз қалды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласы халқының бір бөлігі белгілі бір уақыт аралығында жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау халқының бір бөлігі жарықсыз қалды

Деректерге сенсек, қаланың бірқатар ықшам ауданы мен көшелерінің тұрғындары уақытша электр жарығынан ажыратылған. «109» қызметінің хабарлауынша, электр энергиясын өшіру электр жабдықтары мен электр беру желілерінде жүргізілген жұмыстарға байланысты орын алған.