Әлем • 04 Ақпан, 2022

ДДҰ омикронның жаңа түрі анықталғанын мәлімдеді

1316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ДДҰ омикронның жаңа түрі анықталғанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлетси «жасырын омикрон» деп аталатын омикрон штамының жаңа түрі Африканың 5 елінде тіркелгенін, оны қолданыстағы сынақтарды қолдану арқылы анықтау өте қиын екенін айтты.

«Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттің Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка секілді 5 елінде анықталды. Бұл бізді қатты алаңдатады», деді вирусолог.

Ол қолда бар сынақтар коронавирустың жаңа штамын анықтай алмайтынын, соған байланысты ДДҰ дүние жүзіндегі бірнеше зертханалармен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

Әзірге ДДҰ сарапшылары Африкада табылған вирус нұсқасының қаншалықты патогенді екенін айта алмайды.