Қоғам • 08 Ақпан, 2022

Үкімет елдегі тұрғын үй мәселесін қалай шешеді?

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл елімізде қанша тұрғын үй салу жоспарланғанын айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

Үкімет елдегі тұрғын үй мәселесін қалай шешеді?

«Биыл 17,3 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 160 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрған 70 мың адамның мәселесін шешу үшін жеке тұрғын үй қорындағы жалға берілетін тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау тетігі енгізілетін болады», деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың бәсекелестік ортаға беруге жататын активтерін іріктеудің неғұрлым нақты критерийлері айқындалғанын атап өтті.

«Бұл шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Тиімділікті және жалпы әлеуметтік-экономикалық қайтарымды арттыру үшін мемлекет үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ-ны түбегейлі реформалау көзделген», деп қосты Әлихан Смайылов.