Әлем • 09 Ақпан, 2022

13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африка елдерінде соңғы 30 жылда болмаған құрғақшылық салдарынан 13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ осындай мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін

Дүниежүзілік ұйым егер тез арада шешім қабылданбаса жағдайдың одан әрі ушыға түсетініне алаңдаулы.

Жоспарға сәйкес Сомали еліндегі 4,5 млн адамды алдағы алты айда тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін шамамен 327 млн доллар қаржат қажет.

Эфиопия, Кения және Сомали елдерінде соңғы үш жаңбырлы маусымда жауын-шашын мөлшері өте төмен деңгейде жауды. Салдарынан төрт түлік мал қырылып, егістіктер жойылды. Мұндай қиындыққа ұшыраған халық үйін тастап, қалаларға көшуге мәжбүр. Сол сияқты қауымдастықтар арасындағы қақтығыстарды да тудырып отыр.

Синоптиктер аталған аймақта алдағы уақытта да жауын-шашын мөлшері орта деңгейден төмен болатынын айтуда. Құрғақшылық Эфиопияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс, Кенияның оңтүстік-шығыс және солтүстік, ал Сомалидің орталық-оңтүстік аймақтарында тұратын халыққа зиян тигізіп отыр. Осының әсерінен азық-түлік өнімдері күрт қымбаттады, ал ауыл шаруашылығы еңбегіне деген сұранысты азайған.