Теннис • 09 Ақпан, 2022

US Open чемпионы 33 жасында кәсіби мансабын аяқтады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентиналық теннисші Хуан Мартин Дель Потро ресми түрде кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

US Open чемпионы 33 жасында кәсіби мансабын аяқтады

Спортшы 2019 жылдан кейін алғаш рет өз елінде өткен ATP-250 турниріне қатысты. Ол бірінші айналымда отандасы Федерико Дельбониспен кездесіп, қарсыласынан екі сетте жеңіліп қалды. Кездесу аяқталғаннан кейін Хуан Мартин Дель Потро кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлады.  

«Бүгін мен кәсіби мансабыма нүкте қойдым. Енді мен аяғымдағы жарақаттарды емдеуге тиіспін. Өйткені күнделікті өмірде дұрыс жүріп-тұруым керек. Қазір айрықша сезімді бастан кешіріп отырмын. Себебі соңғы рет кортқа шықтым. Кәсіби мансабыма разымын. Талай табыстарға қол жеткіздім», деді ол өз сөзінде.

Ол теннисші ретінде 2009 жылы үлкен дулығалы US Open турнирінде топ жарған болатын. Өзге де бірнеше жарыстарда жеңістің биік тұғырынан көрінген.