Әлем • 11 Ақпан, 2022

Түркі әлемі: Ынтымақтастықтың жаңа белесі

4681 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің 12-ші отырысы өтіп жатыр. Кездесу Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Қазіргі Түркі мемлекеттері ұйымы – М.Б.) Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған Ақсақалдар кеңесінің жаңа ережелеріне сәйкес алғаш рет өткізіліп отыр. Кеңестің жаңартылған құраммен өткізіп жатқан үш күндік отырысына Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған өкілі Икрам Адырбеков те қатысып жатыр.

Түркі әлемі: Ынтымақтастықтың жаңа белесі

Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысы бірнеше жылдан кейін қайта жандана бастады. Оған 2021 жылы қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері басшылары қабылдаған тарихи шешімдер жаңа сер­пін берді. Саммит жұмысы бары­сын­да «Түркі әлемінің келешегі – 2040» стра­тегиялық құжаты қабылдан­ды. Түркі­тілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тастық кеңесі жаңа дәрежеге ие болып, Түркі мем­лекеттері ұйымы ретінде қайта бекі­тілді. Бұл ұйымға мүше елдердің ынты­мақ­тастығын дамыту мен нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Биылғы 9 ақпан күні Ыстанбұлда жұмысын бастаған Ақса­қал­дар кеңесінің отырысында мемлекеттер басшылары қабылдаған шешімдердің өзектілігі мен орындалуы, іске асыру тетік­тері жан-жақты талқыланды.

Алғашқы болып сөз алған Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым Кеңес мүшелеріне түркітілдес мемлекеттер басшыларының тарапынан зор сеніммен қатар үлкен жауапкершілік жүк­телгенін айта келе, әріптестеріне Түркі мемлекеттері ұйымының жарқын бола­шағы жолындағы қызметтеріне, әрбір істеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол өз сөзінде Қазақстанда қаңтар айын­да болған қайғылы оқиғаға байла­ныс­ты шынайы көңіл білдіре отырып, Президент Қ.Тоқаевтың елдің тәуел­сіз­дігін, тұтастығын, тыныштығын сақтау­ға, террористер, экстремистер мен қылмыс­керлерді бұғаттауға, тосқауыл қоюға бағыт­талған батыл да нақты шешімдерін қолдайтынын жеткізді.

Алқалы жиында сөз алған Қазақ­стан­ның Түркі мемлекеттері ұйымы жанын­дағы Ақсақалдар кеңесіндегі өкілі Икрам Адырбеков қаңтар айында елде болған жағдайдан әріптестерін қысқаша хабардар ете келіп, Ақсақалдар кеңесінің бауырлас Қазақстандағы қайғылы оқиғаға қатысты білдірген көңілі мен тілектеріне алғыс айтты. Ол сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйы­мының қазіргі төрағасы Түркияның 11 қаң­тарда Сыртқы істер министр­лері ке­ңесінің төтенше отырысын өткізуі дер кезінде көрсетілген қолдау болғанын атап өтті.

Қатысушылар Түркі мемлекеттері ұйымының 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына ұсыныстарын Кеңес отырысында талқылады. Мысалы, Түркі мемлекеттері ұйымы жұмысының тиім­ділігін арттыру үшін «Тұрақты өкіл­­дер» институтын енгізу, Ұйым хатшы­лы­ғы­ның бағыт-бағдарын, білім, мәде­ниет пен ор­тақ тарихи жобаларын қолдау­ға ауда­­ру секілді өзге де ұсыныстар айтылды.

Қазақстан өкілі былтыр қарашада Ыстанбұлда өткен саммиттің шешімі­не сәйкес құрылатын Түркі инвестиция­лық қорының штаб-пәтерін Президент Қ.Тоқаевтың Түркістандағы бейресми сам­­митте айтқан ұсынысымен «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығының алаңына орна­ластыруды қолдауға шақырды. АХҚО алаңы – бұл халықаралық деңгейдегі қаржы институттарының үздік тәжірибесін, бірегей техникалық сараптамасын, инфра­құры­лымы мен қызмет тәжірибесін біріктіретін қаржылық экожүйе ретінде нақты негіз бола алатынына жан-жақты дәлелдер келтірді.

И.Адырбеков Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін сауда мен инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, тауар­лардың, капи­талдардың, қызметтер мен тех­но­логиялардың еркін қозғалысы үшін кеден­дік және транзиттік рәсімдерді, қаржылық және банк операцияларын оңтайлауға мүмкіндік беретін Қазақстанның тағы бір бастамасы – Түркістан қаласында TURAN арнайы экономикалық аймағын құру туралы ұсынысымен таныстырып, тараптарды аталған жұмысқа, белсенді қатысуға шақырды.

Одан бөлек Түркі мемлекеттері ұйы­­­­мы­на мүше елдер азаматтарының қазір­­гі және болашақтағы ынтымақтас­тық­­тың негізгі бағыттарына қатысты ойын білу үшін әр сала бойынша сарап­­тама­лық сауалдамалар жүргізу ұсы­ныл­ды. И.Адырбеков үлгі ретінде Халық­ара­лық Түркі академиясы жыл сайын жүр­гізе­тін «Түркбарометр» әлеуметтік зерт­теуін қарастыруға болатынын айтты. Қазақ­­­стан өкілі сондай-ақ Халықаралық Тү­р­кі акаде­мия­сының жанында Түркі әлемі­­нің тәуел­сіз стратегиялық зерттеу орталық­тары­ның ортақ интеллектуалды платформасын құру­ды және басқа да жобаны жүзеге асыру бо­йынша ұсыныстарын білдірді.

Қазақстан ақсақалы әріптестерін биыл қыркүйек-қазан айларында Түркістанда жоспарланған Түркология құрылтайына шақырды.

Үш күнге жоспарланған Кеңес жұмысы Ыстанбұлда жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024