Білім • 17 Ақпан, 2022

Жыл соңына дейін 32 жатақхана пайдалануға беріледі

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы елімізде студенттер үшін 11 мың орындық 32 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін 32 жатақхана пайдалануға беріледі

«Жатақхана салуда құрылыс және одан әрі пайдалану қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек. Бүгінгі таңда аралық нәтижелері бар - 30 630 орындық 124 жатақхана пайдалануға берілді.

Сондай-ақ алдын ала жасалған шарттар, жергілікті бюджет қаражатынан нысаналы құрылыс, меншікті қаражат және демеушілік қаражат есебінен 2022 жылы 11 мың орындық 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр», деді А. Ибраимов Орталық коммуникациялар қызметінде.