Аймақтар • 22 Ақпан, 2022

Түркістанда жаңа саябақ ашылды

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында жаңа саябақ ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жаңа саябақ ашылды

Нысанның жалпы ауданы – 27,8 гектарға созылған. Саябақ аумағында 12 000 дана ағаш, 2360 шаршы метріне гүлдер егілсе, 20 476 шаршы метр бөлігіне көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, 12 000 түп ағаш егіліп, 710 дана жарықшам орнатылған. Одан бөлек, аяқ жол тақтайшалары мен асфальтты жол төселген. Сонымен бірге, орындықтар мен қоқыс жәшіктері де қойылды. Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан қаласы аумағында көгалдандыру, ағаштарды күту және саябақтар, скверлер мен аллеялардың тазалығын сақтау мақсатында сапалы техникалар алынды.

Бұл бағытта арнайы мамандар 25 түрлі, 200 дана техникамен жұмыс істейді. Әр техниканың өз міндеті, ерекшелігі бар. Біреуі ағашты күтіп-баптауға арналса, көгал, гүл мен бұтаны сәндеуге, қырқуға арналған техникалар да бар.