Аймақтар • 26 Ақпан, 2022

Жоғалған балықшы табылды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында біршама уақыт бұрын жоғалып кеткен балықшы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғалған балықшы табылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиға Бәйтерек ауданындағы Болашақ ауылының маңында болғанын хабарлады. 25 ақпан күні сағат 10.00-де балық аулауға кеткен 1963 жылғы ер адам үйіне қайтып бармаған. Сағат 23.43-тен бастап жедел құтқару жасағы (4 адам, 1 техника) және ТЖ қызметкері Болашақ ауылынан 7 шақырым жердегі тоғаннан балықшыны іздеу жұмыстарын жүргізген. 26 ақпан күні сағат 03.27-де іздеу тобы ер адамды «Борис» шаруа қожалығының қыстағынан тапқан. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажетсінбеді. БҚО ТЖ департаменті ауа-райы туралы мәліметтерді қай кезде де назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді.