Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Қалдықтар арқылы қалыпты өмірге оралуда

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 2020 жылы «Kazecotech ғылыми-техникалық кәсіпорны» ЖШС-мен қауіпті қалдықтарды басқару бойынша мемлекет-жекешелік әріптестік шартын жасасты. Нәтижесінде, қайта өңделген материалдар протездік-ортопедиялық бұйымдарды дайындау кезінде пайдаланылатын болады.

Қалдықтар арқылы қалыпты өмірге оралуда

Басқарманың ұсынымы негізінде іске қосылған МЖӘ аясында модульдік цех салынды. Бұл Нұр-Сұлтанда протездік-ортопедиялық көмек көрсету орталығын құрудың алғашқы қадамы болып саналады. Сондықтан елордада тұратын мүгедек жандар Қазақстанның басқа өңірлеріне бармай-ақ толық қызмет түрін ала алады.

Технологиялық процесте арматуралайтын материал және т.б. сияқты қалдықтарды қайта өңдеу кезінде алынатын бағалы материалдық ресурстар пайдаланылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жеке­мен­шік әріптестер оңалтудың техникалық құралдары және протездік-ортопедиялық бұйымдар саласындағы әлемдік көшбасшы – Ottobock (Германия) неміс концернімен келіссөздер жүргізді. Өз кезегінде олар елордалық жобаны қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Нәтижесі ұзаққа созылмады: алғашқы пациент­тер аяғынан тік тұрып, қалыпты өмірге қайта келді. Енді Ottobock протездері бойынша көмек көрсету Қазақстан астанасында да болады. Бұл ретте жоба бұйым­дарды өндіру кезінде қайта өңделген шикізатты пайдалану арқылы қала экологиясын жақ­сартуға үлкен үлес қосады.