Тағайындау • 04 Наурыз, 2022

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры тағайындалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Азиз Ержанұлы Ысқақов «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры тағайындалды

Азиз Ысқақов «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде, «Экономика» мамандығы бойынша Нархоз университетінде және «Жобалар мен бағдарламаларды басқару» мамандығы бойынша Орал мемлекеттік экономикалық университетінде жоғары білім алған.

Бұған дейін Qazaqstan Institute of Social Studies-тің атқарушы директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол Toraighyrov University және Павлодар педагогикалық университеті директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Экономикалық зерттеулер институтында, Еуразиялық интеграция институтында, «Зерде» холдингінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде түрлі талдамалық және басшылық лауазымда жұмыс істеген.

«Қазақмыс» корпорациясының және Қазақстан теңге сарайының бөлімшелерінде өндірістік және әкімшілік лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдардың жобаларында кеңесші, ұлттық сарапшы болған.