Қаржы • 14 Наурыз, 2022

Доллар тағы көтерілді

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 511,06 теңгені құрап, 0,22 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар тағы көтерілді

Ұлттық банк Ресей рублінің ресми бағамын 4,42 теңгеге, еуроны - 560,18 теңгеге белгіледі.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 515-519 теңгеден, еуроны – 597-606 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 4-5 теңге.

Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы 14 наурыздағы сауда-саттық барысында төмендеді.

Сәуірде WTI мұнай фьючерстері 2,25%-ға төмендеп, барреліне 106,87 долларды құрады.

Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 1,77%-ға - барреліне $110,68-ға дейін төмендеді.