Футбол • 22 Наурыз, 2022

Ұлттар Лигасына аттанатын қазақ спортшылары анықталды

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін кешке Нұр-Сұлтан қаласынан чартерлік рейспен Кишиневке УЕФА Ұлттар Лигасының Молдоваға қарсы бірінші түйісу матчына аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттар Лигасына аттанатын қазақ спортшылары анықталды

23 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Карповичтің, сондай-ақ ұлттық құрамадағы ойыншылардың бірінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Сондай-ақ, сағат 17:00-де Қазақстан құрамасының «Зимбра» стадионында матч алдындағы жаттығуы белгіленген.

Молдоваға қарсы ойын 24 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де өтеді.

Молдоваға қарсы қонақ матчына аттанатын футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Ақтөбе»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мухаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Нұрлан Дайыров («Тараз»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы — «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де — «Ақтөбе»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де — «Тобыл»), Айбол Әбікен («Ақсу»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Ротор», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»), Роман Муртазаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»).

Жаттықтырушылар штабы мен қызметкерлер құрамы: Андрей Карпович - бас бапкер, Максим Жалмағамбетов - бас бапкердің көмекшісі, Сергей Лабодовский — бас бапкердің көмекшісі, Борис Глушков - дене даярлығы жаттықтырушысы, Александр Петухов — қақпашылардың жаттықтырушысы, Магомед Нозадзе - сарапшы-жаттықтырушы, Эльшад Хинизов - бейнеоператор, Нұрлан Биттугулов - дәрігер, Алексей Гудзев - массажист, Евгений Карнаухов - массажист, Александр Шапкин - массажист, Максим Шауберт  -менеджер, Никита Утробин - әкімші, Азат Тұрсын - қауіпсіздік қызметі, Әділ Досов - қауіпсіздік қызметі, Ермұхамед Мәулен — медиа-офицер, Ербол Қайыров - медиа-офицер, Саясат Дүйсембиев — бейнеоператор.