Қазақстан • 28 Наурыз, 2022

Қазақстанға ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы келді

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгенің Қазақстанға үш күндік ресми сапары Алматыдан бастау алды.

Қазақстанға ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы келді

Лауазымды тұлғаның Қазақстанға арнайы келуінің мәнісі мынада, 2016 жылы ДДҰ мен Қазақстан бірігіп, ДДҰ Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын құрған болатын.

Араға алты жыл уақыт салып, ДДҰ Еуропалық бюросы мен Қазақстанның бірлескен әрекетініңқорытындысын шығаратын уақыт келіпті, әрі Ханс Клюгенің осы сапарында ДДҰ-ның Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі бастапқы Демонстрациялық платформасын құру көзделініп отыр.

Алдымен Ханс Клюге С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесіп, алдағы кездесулер мен МСАК саласын нығайту бөлігіндегі Қазақстан мен ДДҰ ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

«Бірінші кезекте, Ханс Клюге мырза, сіз, Еуропалық өңірлік бюроның директоры, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі кеңсесіндегі әріптестеріміз арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жүздескенімізге қуаныштымыз және МСАК жүйесіндегі озық тәжірибелерді көрсету үшін үздік алаң ретінде Қазақстанды таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз! Ертең Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы ауылдық денсаулық сақтау нысанын көрсетеміз», деді министр кездесу басында. 

Ажар Ғиният еліміздің денсаулық сақтау саласындағы реформалар туралы айта келе, министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін мысалға келтірді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстан медициналық-санитарлық  алғашқы көмек бойынша екі декларацияның отаны екенін еске салды. 1978 жылы мүше мемлекеттер қабылдаған Алматы декларациясы бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың дамуына жаһандық әсер етті. 2018 жылы МСАК жөніндегі жаһандық конференция алаңында ДДҰ-ға мүше мемлекеттер оның ізбасары МСАК жөніндегі Астана Декларациясын қабылдады.

Өз кезегінде, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстан Үкіметі мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының арасындағы айрықша ынтымақтастықты атап өтті.

Доктор Ханс Клюге демонстрациялық платформа үлгісінде, әсіресе ауылдық денсаулық сақтауда МСАК-тың үздік тәжірибелерін ілгерілету жөніндегі Қазақстанның күш-жігеріне өзінің таңданысын білдірді.

«Адамдар тұратын елді-мекендерде денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету өте маңызды.  Бұл денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі, ол тұрақты даму мақсаттарына және ДДҰ Еуропалық бағдарламасына өте жақын», деді Еуропалық ДДҰ басшысы.

Өңірлік ДДҰ басшысы Қазақстанның медициналық-санитарлық алғашқы көмекті нығайтудағы тұжырымдамадан іс-қимылға көшу жөніндегі мысалы МСАК ұлттық қызметтерін дамытуда басқа елдерге көмектесуге арналғанын атап өтті.

Өз кезегінде Ажар Ғиният Қазақстан алдағы уақытта да МСАК жөніндегі осы екі декларацияны жаһандық деңгейде белсенді түрде ілгерілететінін мәлімдеді.

Алматыдан бастау алған елеулі оқиғаға делегация құрамындағы бірқатар жоғары лауазымды қонақтар, атап айтқанда ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Каролин Кларинваль (Caroline Clarinval), ДДҰ Еуропалық орталығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі кеңсесінің басшысы Мелитта Якаб (Melitta Jakab), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек талай ел ұмтылып отырған Денсаулық сақтау жүйесінің барлық мақсаттарына қол жеткізудің кілті: халықтың денсаулығын жақсарту, денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға көшу және профилактикаға, денсаулықты нығайтуға, ауруларды ерте анықтауға және емдеуге баса назар аудару арқылы теңсіздікті азайту, жұқпалы емес аурулардан келетін мезгілсіз өлім-жітімді азайту», деді доктор Ханс Клюге.

Ол «айналамыздағы әлем тез өзгеретін кезде»прогресс пен трансформациядағы жастардың жетекші рөлін ерекше атап өтті.

Министр студенттерге Қазақстандағы медициналық алғашқы көмектің дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндады. Бүгінде МСАК ұйымдарында 12 мыңнан астам учаске жұмыс істеп, онда 9 мың жалпы практика дәрігері пациенттерді қабылдайды. 

Министр пандемия кезінде негізгі ауыртпалық МСАК-қа артылғанын еске салды. 150 мыңнан астам науқас тек МСАК деңгейінде ғана белсенді болды және еліміздің денсаулық сақтау жүйесі бұл сынақты лайықты орындап шықты.

Өңірлік ДДҰ басшысы Ханс Клюгенің сапары одан әрі Алматы облысында жалғасып, маңызды кезедсулермен Елордада аяқталады.