Аймақтар • 29 Наурыз, 2022

Жезқазған байыту фабрикасында өрт шықты

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі кәсіпорындағы өрт кернеудің терең түсуіне байланысты болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған байыту фабрикасында өрт шықты

«Бүгін 7.20-да кернеудің терең төмендеуі орын алды, нәтижесінде №1 бас ғимараттың цехында жергілікті өрт болды. 7.35-те цех қызметкерлерінің күшімен өрт ошағы жойылды», делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Жезқазған байыту фабрикасы штаттық режимде жұмыс істейді.