Әлем • 30 Сәуір, 2022

Америкада торнадо дауылы тұрып, төтенше жағдай жарияланды

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Канзас штатында торнадо дауылы соғып, 20 мыңдай ғимарат жарықсыз қалды деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz-ке сілтеме беріп.

 

Америкада торнадо дауылы тұрып, төтенше жағдай жарияланды

Табиғи апат Андовер қаласында орын алған. Кем дегенде 12 адам зардап шеккені айтылды. Адам шығыны туралы әзірге мәлімет жоқ.  

Сондай-ақ торнадо салдарынан 100-деген үйге зиян келіп, 20 мыңдай ғимарат жарықсыз қалған дейді.

Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.