Оқиға • 02 Мамыр, 2022

Елорда тұрғыны кәріз құдығынан есірткі тауып алды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы кәріз құдығынан есірткі тауып алды. Қала тұрғыны бірден полицияға хабар берген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғыны кәріз құдығынан есірткі тауып алды

Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, есірткі оралған түйіншек Е-15 көшесіндегі «Меркурий» тұрғын үй кешенінің кәріз құдығына жасырылған.

«МИБ төрағасы үй аумағын аралау барысында ақ түсті ұнтақ салынған, лентамен оралған полиэтилен түйіншек тауып алды. Ер адам бірден полицияға хабар берді. Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз затты тәркіледі», делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Полиция тыйым салынған заттың тұрғын үй кешені аумағына қалай түскенін анықтап жатыр.

«Mercury Life» МИБ төрағасы Рүстем Айтқожин қырағылық танытқаны үшін грамотамен марапатталды. Тәртіп сақшылары елорда тұрғынына белсенді азаматтық позициясы үшін алғыс айтты.