Үкімет • 06 Мамыр, 2022

Комиссияның кезекті отырысы

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Атамекен» ҰКП-ның мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Комиссияның кезекті отырысы

Энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларды техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұ­най өнімдерін шығаратын ша­ғын МӨЗ-дерге салықтық және ке­дендік жеңілдіктерді алып тастау ұсынылды.

Мұнай өңдеу зауыттарынан ЖЖМ жөнелту кезінде теміржол қызметтерін көрсету тұрғысынан бағаның негізсіз өсуін және жекелеген компаниялардың бәсекесіз қызметін болдырмау үшін тариф­терді төмендету ұсынылды.

Сонымен қатар Премьер-Ми­нистр Энергетика минис­тр­лігіне субъек­тілердің шектеулі тобына жеңілдіктер ұсынбау (тегін сақ­тау) үшін нарықтың барлық қаты­сушысына МӨЗ-де мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді тапсырды.

Мұнай өңдеу зауыттарында негізсіз өндірістік шығындарды болдырмау мақсатында олардың бақылау және қауіпсіздік жүйе­леріне аудит жүргізу тапсырылды. «Бұл бағытта бүкіл техно­ло­гиялық процесті қамти отырып, бақы­лаудың цифрлық технологияларын енгізу қажет», деді Ә.Смайылов.

Жалпы Үкімет басшысы ай­тыл­ған ұсыныстарды қолдап, кей­біреуіне түзетулер енгізуді және оларды іске асыру мәсе­ле­лерін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ сұйы­тылған газ нарығын, атап айтқанда, оның өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеу­шілерге сату, тасымалдау және сақтау бойынша демонополизация­лау шаралары қаралды.

Премьер-Министр уәкілетті мем­лекеттік органдарға баға­лық сөз байласуға әкелетін жағ­дай­ларды анықтау жұмыстарын жүргізуді және осы салаға қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.