Қазақстан • 06 Мамыр, 2022

Қос қаулы қабылданды

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 сәуірде сайланған депутатты тіркеу туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясынан шығып қалған депутаттың орнына 2022 жылғы 28 сәуірде сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын тіркеу туралы» қаулылар қабылданды.

Қос қаулы қабылданды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 45, 46 және 82-баптарына сәйкес, Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Алматы облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының және «Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 сәуірде болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 28/476 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаевты Парламент Сенатының депутаты ретінде тіркеуге қаулы етті.

Сондай-ақ «Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республи­касы Конституциялық заңының 12, 45, 46 және 98-баптарына сәйкес, Нұр-Сұл­тан қалалық сайлау комиссиясының Қазақ­стан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Нұр-Сұл­тан қалалық сайлау комиссиясы хаттама­сының және «Қазақстан халқы Ассам­блеясы сайлайтын Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің шығып қал­ған депутатының орнына 2022 жыл­ғы 28 сәуірде болған сайлаудың қорытын­дыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 29/477 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Закиржан Пирмухамедович Кузиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеуге қаулы етті.

Отырыста комиссия төрағасы Нұр­лан Әбдіров Парламент депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Зәкір­жан Кү­зиевке куәліктер мен омырауға тағатын белгі­лерді тапсырды. Ж.Жөргенбаев пен З.Ку­зиевтің Алматы облыстық мәслиха­тын­­дағы белсенді депутаттық қызмет­терін атап өткен комиссия төрағасы сайланған депутаттарға республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жо­ғары өкілді органында табыс пен жемісті жұмыс тіледі.