Қоғам • 06 Мамыр, 2022

Референдумды қолдайтын республикалық штаб құрылды

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі республикалық референдумды қолдайтын қоғамдық штаб құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумды қолдайтын республикалық штаб құрылды

Құрылған штабқа бірнеше пртия мен қоғамдық ұйым өкілдері де кірмек. Ал штаб төрағасы Төлеубек Мұқашев болды.

«Президенттің республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты шараны қолдайтын республикалық қоғамдық штаб құру бастамасы көтерілді. Ондай бастаманы Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі қозғады. Оған ірі қоғамдық бірлестіктер мен салалық қауымдастықтар атсалысуға ниет білдірді.

Сондай-ақ «Ақжол» мен «Ауыл» партиялары да қызғушылық танытып отыр. Біз ұсынылып отырған конституциялық реформаның бүкіл нормалары бойынша түсіндіру материалдарын әзірлейміз. Бірлескен әлеуетімізді бүкіл өңірлердегі халыққа түсіндіру жұмыстарына бағыттаймыз», деді Төлеубек Мұқашев штаб өткізген брифингіде.

Айтуынша, штабтың шалғай ауданның бәрін қамтитын қауқары бар.

Бұдан кейін түрлі салалық топтармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.