Мультимедиа • 01 Маусым, 2022

«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2022» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Cыйлыққа 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:

  1. Үздік телевизиялық сериал
  2. Үздік деректі фильм
  3. Үздік ақпараттық бағдарлама
  4. Үздік әлеуметтік жоба
  5. Үздік ток-шоу
  6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  7. Үздік тележүргізуші
  8. Үздік тележурналист
  9. Үздік режиссерлік жұмыс
  10. Үздік аймақтық телеарна

«Тұмар» — Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың негізгі мақсаты — кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы әділ бағалауы арқылы қазақстандық телеиндустриясының дамуын ынталандыру. Осының негізінде жеңімпаздар Тұмар мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталады.

Салтанат Кенжебай