Аймақтар • 04 Маусым, 2022

Рәміздер күні марафоны өтті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданында рәміздер күніне арналған облыстық марафон ұйымдастырылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған жүзге жуық желаяқ Әйтеке би кентінің орталық көшелерімен көк туды желбіретіп, Ғани Мұратбаев ауылына дейін 11 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Рәміздер күні марафоны өтті

Мәре сызығын кескен марафоншыларды Ғани Мұратбаевтың 120-жылдығын атап өтуге жиналған жұрт күтіп алды. Орталық алаңда қолөнер және бейнелеу шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шығыс жастарын бірігуге және білімді болуға шақырған тұлғаның елеулі еңбегі кеңінен насихатталып, жас суретшілер байқауы өтті.     

«Бұл суретті мен 4 сағат салдым. Қиын болды бірақ жетекшімнің көмегімен әдемілеп салдым. Бұны гуаш және акварельмен салдым. Ғани Мұратбаев коммунист, жастарға үлгі болған өте жақсы адам болған деп ойлаймын», дейді суретші Камилла Берденова.