Футбол • 07 Маусым, 2022

Ұлттар лигасы: Хорватия мен Франция тең түсті

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттар лигасы: Хорватия мен Франция тең түсті

Бұл күнгі басты кездесу А лигасы бірінші тобындағы Хорватия мен Франция құрамалары арасында өтті.

Ойынның 52-минутында франциялық Адриен Рабьо соққан голға 83-минутта хорватиялық Андрей Крамарич пенальтиден бір голмен жауап қайырды.

Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Олар екі ойында небәрі бір ұпай алып, турнир кестесінде соңғы орындарды місе тұтты. Ал екі ойында жеңіске жеткен Дания алты ұпаймен көш басында тұр.

Даниялық футболшылар бұл жолы сырт алаңда Австрияны 2:1 есебімен сүріндірді. Сондай-ақ С лигасы үшінші тобында Қазақстан сырт алаңда Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусь пен Әзербайжан 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Екінші ойын күніндегі өзге нәтижелер төмендегіше:

В лигасы 2 топ

Исландия - Албания 1:1

D лигасы 1 топ

Латвия - Лихтенштейн 1:0

Андорра - Молдова 0:0

7 маусымда екінші турдың екінші ойын күні өтеді.