Әлем • 07 Маусым, 2022

Бейжіңде карантин талаптары жеңілдеді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің билігі эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты қалада COVID-ке қарсы шектеулерді жеңілдетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжіңде карантин талаптары жеңілдеді

Еске салсақ, сәуір айының соңында шаһарда індет өршіген еді. Соның салдарынан, дәмханалар қызмет көрсетуді тоқтатып, балабақшалар жабылып, мектеп оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Қатаң шара қоғамдық көліктерге де әсерін тигізіп, біраз келеңсіздіктер туғызды.

Ал енді ахуалдың жақсаруына байланысты қалада мейрамханалар, кинотеатрлар қайта ашылып, жақын арада балалар мектепке барып оқиды. 20 маусымнан бастап балабақшалар да жұмысын қайта бастайды.

Сонымен қатар ПТР-тестті күн сайын емес, үш күнде бір рет тапсыру қажет. 

Салтанат Кенжебай