Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Маусым, 2022

«Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясы

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ахмет Бай­­тұр­сын­­ұлы­­ның 150 жыл­­ды­ғы­на орай, Қос­­­та­най­дан «Ахаң жүріп өт­кен жолмен» атты арнайы ғылыми-танымдық экспедиция жолға шықты. Сапардың мақсаты – ұлт ұстазының өмі­рі мен қыз­метіне қа­тысты тың дерек­тер­ді іздес­тіріп, жинақтау.

«Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясы

Жобаны Sanaly urpaq-2050 қоғамдық бірлестігі мемлекеттік тапсырыс аясында іске асырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция Қазақстанның бірқатар өңіріне және Ресей, Қытай, Әзербайжан елдеріне де барады. Экспедиция мүшелері Орынбор, Мәскеу, Архангельск, Баку, Челябі, Қарқаралы, Семей, Қарабұтақ, Әулиекөл, Торғай өңір­лерін аралауды жоспарлап отыр.

– Жобаны жүзеге асырушы­лардың қатарында ахметтанушылар, тарихшылар, журналис­тер, сондай-ақ музей және архив ісі саласындағы мамандар бар. Сапар қорытындысы бойын­ша Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы жаңа деректерден құралған фильм шығару көзделіп отыр. Сонымен қатар архив, музей қорлары жаңа құжаттармен толығады деген үміттеміз, – деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Меңдекенова.

5 маусымда жолға шыққан экспедиция мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы арқылы Қарағанды облысына өтіп, Қарқаралыға барады.

– Мен Ахаңды зерттеумен 1989 жылдан бері тұрақты айналысып келемін. Ахаңның табаны тиген жерлерге бұрын да барғанмын. Бірақ ол сапарымда деректерді жинақтамаған едім. Ендігі экспедиция олжалы болады деген сенімдемін, – дейді ахметтанушы Ибраһим Ағытай.

 

Қостанай облысы