Әлем • 08 Маусым, 2022

Жапония «күнмен қоштасты»

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда бір жарым айға созылатын жаңбыр маусымы басталды. Бұл ақпаратты ел үкіметі ресми хабарлады. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт күншығыс еліндегі жағдай туралы өзінің facebook-тегі парақшасында баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Жапония «күнмен қоштасты»

Арнайы елшінің  айтуынша, бұл маусым «елдегі ерекше мезгіл» деп аталуының өз себебі бар. Мұнда бір жарым ай бойы жаңбыр күні-түні тоқтамайды. Сондықтан Жапонияның кейбір қалаларында ауа ылғалдана түседі.

Бұл жапон халқы үшін үйреншікті жағдай. Сондықтан олар «Цую» маусымына арнайы дайындалады. Жаз мезгілімен ілесе келген бұлтты күн шілденің шіліңгір ыстығы басталғанда ашылады. Сосын ғана бір жарым ай бойы жауған жауын суы буға айналып, жер құрғайды. Салдарынан ауа температурасы жоғарылап, аптап ыстық орнайды. Осылайша, Жапония халқы біраз сарсаңға түседі.

Салтанат Кенжебай