Футбол • 13 Маусым, 2022

Ұлттар лигасында Испания көш бастады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттар лигасында Испания көш бастады

Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы екінші тобындағы Испания мен Чехия, Швейцария мен Португалия құрамалары арасында өтті.

Ойын барысында Испания Чехияны 2:0, Швейцария Португалияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша Испания өз тобында көшбасшылықты арттыра түссе, қалған үшеуі әзірге екінші орыннан үміткер болып отыр.

Аталған турдағы өзге ойындар нәтижесі төмендегіше:

В лигасы 4 топ:

Норвегия - Швеция 3:2

Словения - Сербия 2:2

С лигасы 2 топ:

Солтүстік Ирландия - Кипр 2:2

Грекия - Косово 2:0

С лигасы 4 топ:

Солтүстік Македония - Гибралтар 4:0

Грузия - Болгария 0:0

D лигасы 2 топ:

Мальта - Сан-Марино 1:0

Еске салсақ, бүгін аталған турнирде Қазақстан-Словакия кездесуі өтеді.