Аймақтар • 14 Маусым, 2022

Ірі қара қырылған ауылға карантин енгізіледі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Ақшоқы ауылында 6 бас ірі қараның «қарасаннан» қырылғаны дәлелденді. Бұл туралы облыстағы бас мемлекеттік ветеринарлы-санитарлық инспектор мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ірі қара қырылған ауылға карантин енгізіледі

Ауылда қазіргі уақытта 2700 бас сиыр бар. Оның тек 15 пайызы вакциналанған. Ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 30 процент. Себеп Ресей және Украинадан вакциналар жеткізілмей жатқан көрінеді. Салдарынан мамандар қазір тек ем-шара жүргізуден әріге аса алмай отыр.

«Эпизотияға қарсы отряд ауылға барып жұмыс жасайды. Оған қазір керекті зарарсыздандыру заттары, вакциналардың барлығы дайын. Барып жұмыс жүргізеді. Карантин 14 күнге созылады. Соңғы мал жазылып не өлген соң. 14 күннен кейін карантин алынады», деді облыстық бас мемлекеттік ветеринарлы-санитарлық инспектор Ержан Бекетбаев.