Футбол • 15 Маусым, 2022

Ұлттар лигасы: Англия Венгрияға есе жіберді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттар лигасы: Англия Венгрияға есе жіберді

Бұл күнгі басты кездесулер А лигасы үшінші тобындағы Англия мен Венгрия, Германия мен Италия құрамалары арасында өтті.

Өз алаңында Англия құрамасы Венгриядан 0:4 есебімен жеңілді. Ал Германия Италияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ А лигасы төртінші тобында Нидерланды Уэльсті 3:2 есебімен жеңсе, Польша Бельгияға 0:1 есебімен жол берді. В лигасы үшінші тобында Босния және Герцеговина Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, Румыния Черногориядан 0:3 есебімен жеңілді.

С лигасы бірінші тобында Люксембург пен Фарер аралдары 2:2 есебімен тең түссе, Түркия Литваны 2:0 есебімен тізе бүктірді. D лигасы бірінші тобында Молдова Андорраны 2:1 есебімен жеңсе, Лихтенштейн Латвияға 0:2 есебімен жол берді.

Ендігі тур ойындары қыркүйек айында өтеді.