Президент • 19 Маусым, 2022

Президент Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен кездесу өткізеді.