Аймақтар • 22 Маусым, 2022

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

«Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті. Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК және меншік иелері бірлестіктерінің төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін», делінген жазбада.