Тағайындау • 25 Маусым, 2022

Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы қаңтар айынан бастап Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы болып келген Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінде басшылық қызметке ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Таймерденов 1974 жылы 7 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында дүниеге келген.

Мамандығы бойынша заңгер, 2003 жылы ІІМ академиясын бітірген.

Таймерденов органдағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында офицер қызметінен бастады. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды. Ол Алматы полиция департаменті басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысының полиция департаментін басқарды.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024