Қоғам • 29 Маусым, 2022

Jusan Bank акционерлеріне дивиденд төленбейтін болды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Jusan Bank-тің 2021 жылғы жай акциялары бойынша дивиденд төленбейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Jusan Bank акционерлеріне дивиденд төленбейтін болды

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Алматы) өз акционерлерінің өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер тәуелсіз аудиторлардың есебін ескере отырып, банктің 2021 жылға қаржылық есептілігін бекіту; Банктің 2021 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін; Банктің 2021 жылғы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске жіберілсін, деген шешім қабалдаған.

Аяна Тоғанбек