![Жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеу құқығы берілуі мүмкін](/media/2022/07/01/e1db3e43-e468-4cfd-a986-f0cbe0476c65.jpeg)
«Біздің отандастарымыздың өмірінде «жұмыс» және «отбасы» арасындағы теңсіздікті байқап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл ретте сарапшылар кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ата-аналардың барлығы бірдей құқыққа ие болуы керек деп есептейді. Осы мәселеге қатысты біз де уәкілетті органға тиісті ұсыныстар енгіздік», деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов.