Аймақтар • 07 Шілде, 2022

Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 20 жастағы алматылық қыз аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды

23 маусым күні Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі заттарын Алматы қаласынан Қызылорда қаласына тасымалдау кезінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын мефедрон препараты болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Қазіргі таңда күдікті 20 жастағы азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аяна Тоғанбек