Аймақтар • 08 Шілде, 2022

Жаңаөзенде инватакси қолданысқа берілді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа инватакси пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңаөзенде инватакси қолданысқа берілді

«Инватакси көлігін қолданысқа беру «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының 91-93 тармақтары бойынша жүзеге асып отыр. Ол 2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес қызмет көрсетеді», дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендерде 5000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 497-сі инватакси қызметін қажет етеді.

Заманауи, соңғы үлгіде жабдықталған көлік мүгедектердің сұраныстарына орай, қала ішінде және қалааралық бағыттарда тасымалдау қызметтерін атқарады.

Аяна Тоғанбек