Аймақтар • 15 Шілде, 2022

Шымкент тұрғынынан 6 келі марихуана тәркіленді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 57 жастағы тұрғыннан 6 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент тұрғынынан 6 келі марихуана тәркіленді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған 57 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Тексеру барысында аталған азамат есірткі заттарын 90 полиэтиленді пакеттерге бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырғаны анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты кептірілген марихуана екендігі белгілі болды, жалпы салмағы – 6 келі 363 грамды құрады.

Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тексеру барысында 2 түп сора есірткі өсімдігі алынды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024