Теннис • 18 Шілде, 2022

Ньюпорт турнирінің финалына шықты

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Ньюпорт қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Ньюпорт турнирінің финалына шықты

Жүлде қоры 595 мың АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың жартылай финалында жерлесіміз дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты. Екі партияға жалғасқан ойында қазақ­стандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Енді А.Бублик финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады. Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев та  елордада ITF серия­сы бойынша өтіп жатқан M25 турнирінің финалына шықты. Жерлесіміз финалда өзбекстандық Сергей Фоминмен күш сынасады.

Өкінішке қарай, әйелдер арасындағы әлемнің 32-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өткен WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады. Былтыр дәл осы Будапешт корттарында ұйымдастырылған жарыста топ жарған Юлия Путинцева биыл атағын қорғай алмады. Турнирдің жартылай финалында ол  әлемнің 105-ракеткасы сербиялық Александра Круничтен екі сетте жеңіліп қалды – 6:2, 6:2.